
Алматы облысының тұрғындары арасында вакцинация бойынша:
Облысқа барлығы 278 720 доза вакцина келіп түсті, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 235 220 Гам-Ковид-вак және 4000 Qaz-вак. 2 компонент 192 270, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, Гам-Ковид-вак 148 770 және Qaz-вак 4000.
Бірінші компоненттен 234 086 адам егілді, екіншісінен-139 006. Вакцинацияланғандардың арасында - мемлекеттік қызметкерлер – 9642, медицина қызметкерлері – 20 267, педагогтар – 31 681 БАҚ – 106, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 1291 және басқа да қызмет салалары – 137 724.