Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан 0,2% - ға дейін азайды

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан 0,2% - ға дейін азайды

7 маусымдағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 26 448 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен 16 582.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1237,4 құрады.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан (24.05-30.05) 0,2% - ға дейін (31.05-06.06) азайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш - 0,4%, Ескелді - 0,8%, Жамбыл - 0,3%, Карасай - 0,3%, Талғар - 0,4%, Сарқан - 0,6%  аудандарында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ 54 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 28 симптомдық және 26 симптомсыз жағдай.

КВИ анықталған 54 жағдайдың 13-і 14 жасқа дейінгі балалар.

7 маусымға 25 324 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 21 пациент шығарылды, 9 адам үй оқшаулауынан шығарылды