
Алматы облысында медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және шалғайдағы ауылдарды қамту үшін 2025 жылға дейін 109 нысан салу жоспарлануда. Оның ішінде 20 блокты-модульді медициналық пункттерді қоса алғанда, ағымдағы жылы – 23салынады. Бұл туралы бүгін Нұр-сұлтан қаласындағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлім етті.
Жалпы денсаулық сақтау саласында 2020-2021 жылдары коронавируспен күреске жергілікті бюджеттен 14 млрд. теңге бөлінді. Талдықорған қаласында қысқа мерзім ішінде 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынды. 3 томограф, 18 рентген-аппарат, 219 ӨЖЖ, 180 жедел жәрдем машинасы, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Нәтижесінде медициналық жабдықтармен және санитарлық автокөлікпен жабдықтау деңгейі 90% - ға дейін көтерілді. Қазіргі уақытта халықты вакциналау жүріп жатыр. Вакцинаның 410 мың дозасы алынды. 211 мың адам бірінші компонентпен, 119 мың адам екінші компонентпен егілді. Барлығы 1,1 млн.адамды қамту жоспарланып отыр.