Соңғы 10 күнде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайлардың саны 222 -ден 96–ға дейін төмендеді 

Соңғы 10 күнде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайлардың саны 222 -ден 96–ға дейін төмендеді 

Бұл жөнінде Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бүгінгі таңда облыста коронавирус инфекциясы  зертханалық расталған  барлығы 25 583 адам тіркелді. Оның ішінде 15 969 адамнан коронавирус белгілері анықталған.  

Жалпы облыста 753 пациент ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 465 адам үйде  оқшаулау жағдайында, 288 адам  аурухананың инфекциялық бөлімшелерінде емделіп жатыр.

25 мамыр күні облыста 96 жұқтыру жағдайы тіркелді.

Қазір I деңгейдегі инфекциялық стационарда 288 пациент (төсек  орын саны – 1235, жүктелім – 23,3%), реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 19, оның ішінде өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында-2 пациент ем қабылдауда.

II деңгейдегі инфекциялық стационарда 1157 пациент ( барлық төсек орын саны  – 3560, жүктелім – 32,5%), ОРИТ бөлімшесінде – 27, оның ішінде ӨЖЖ аппаратында-5 адам ем қабылдап жатыр.

КВИ белгілері байқалмаған  465 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Жалпы облыс бойынша 3680 адам үйде медицина қызметкерлердің бақылауында.

Ағымдағы жылдың басында инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек орын саны 1370-тен 4795 төсекке дейін ұлғайды, реанимациялық төсек саны 124-тен 410-ға дейін көбейтілді. Қажет болған жағдайда төсек саны 5280-ге дейін жеткізіледі.

Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа - 8,8 млрд. теңге бағытталды.

Медициналық ұйымдарда 17 компьютерлік томограф, 53 рентген аппараты, 534 ӨЖЖ жұмыс істейді (оның ішінде балалар үшін - 70, ересектер үшін – 464).

Облыстың 17 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 818,2 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ, оттегі концентраттарының саны 1350 данаға жетті, оксигенотерапиямен қамту 45% - ға жеткізілді (норматив 20%).

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 31 реанимациялық бөлімше қажетті жабдықтармен (410 төсек) жабдықталды, диагностика және емдеу хаттамалары сақталуда.

Ауруханаларға жоғары ағынды оттекті терапия әдісі енгізілді. Қазіргі таңда 37 хай Флу аппараты бар (76 млн.теңге сатып алынды). Бұл аппаратпен 7000-нан астам адам емделді.

Жалпы, ауруханаларды медициналық жабдықпен қамтамасыз ету деңгейі 79% - дан 89% - ға дейін жеткізілді.

180 жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды (барлығы 17 ЖМК бар). Бригадалар саны 205-ке дейін артты.

200 төсекке арналған жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді. Реанимация бөлімшесіндегі жағдайы ауыр пациенттерге арналған көп бейінді ауруханалар базасында 2 ахуалдық орталық құрылды. Онда  облыстың жетекші мамандарымен пациенттерге күн сайын онлайн консультация жүргізіледі. Орталықтың жұмысына штаттан тыс бас мамандар (анестезиолог-реаниматолог, инфекционист, пульмонолог және т.б.) тартылды.

Бұдан өзге пневмонияның жеңіл дәрежесімен амбулаториялық емделуде жүрген пациенттерге, коронавирустан  амбулаториялық деңгейде емдеу үшін дәрілік заттарды босатуға күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдарының айлық қоры (2,2 млн.маска, 1,1 млн. жұп қолғап, 128,4 мың (бір рет қолданылатын қорғаныш костюмдерінің жиынтығы), дәрілік заттардың қоры құрылды.

Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен 92,1 млн.теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды(4 атау).

Облыстың 1,3 млрд. теңгеге тұрақтандыру қоры құрылды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 41 атауы "INKAR"ЖШС қоймаларына бөлінген.

Сондай-ақ, "СК Фармация" арқылы дәріханаларға 63 млн.теңгеге(33 атау) өтінім қалыптастырылды.

Облыстағы 14 зертханада 9 мыңға дейін зертханалық зерттеулер жасалады.

26.05.2021 ж. жағдай бойынша ПТР әдісімен 665 648 адам зертханалық тексерілді, оның ішінде медицина қызметкерлер 16 287 адамды құрап отыр.  25.05 жылы - 2333 адам тексерілді.

Соңғы 10 күн ішінде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайлардың саны 222 -ден 96 – ға дейін төмендегені байқалды. Сондай-ақ 3 күн ішінде емдеуге жатқызылға адам саны да азайды. (275 адам шығарылды, 115 адам емдеуге жатқызылды).

Эпид жағдайының жақсаруына әсер еткен факторлардың бірі халықты КОВИД  19-ға қарсы вакцинациялаудың қарқынды жүргізілуі себеп болып отыр.

Облыста коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация жүргізу үшін 244 егу пункті, 67 мобильді бригада, 17 жылжымалы медициналық кешен тартылған.

Бүгінгі күні вакцинаны сақтау үшін 153 мұздатқыш камера, 272 белсенді термоконтейнер (АВТО мұздатқыштар) бар, вакцинаны тасымалдау үшін тағы 80 белсенді термоконтейнер жеткізу күтілуде.

Облысқа I компонентті вакцинасының 225 350 дозасы және II компоненттің 184 710 дозасы жеткізілді.

Бүгінгі таңда 211 624 адам I компонентпен егілді, 119 081 адам вакцинацияны екі компонентпен аяқтады.

Медициналық ұйымдарда I компоненттің 14 920 дозасы және II компоненттің 65 610 дозасы бар.