АККА ДӘРІГЕРЛЕРІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНЕ БАРАДЫ

АККА ДӘРІГЕРЛЕРІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНЕ БАРАДЫ

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының бір топ дәрігері 25 мамырдан бастап Алматы облысының бірқатар елді мекеніне консультативті-диагностикалық және әдістемелік көмек көрсету үшін барады.

Травматолог, уролог, кардиолог, невролог, бет-жақсүйек хирургы, отоларинголог, гинеколог, хирург, реабилитолог және офтальмолог сынды дәргерлерден құралған бригада  25 мамыр мен 10 тамыз аралығында Шонжы, Шелек, Қарғалы, Есік, Қаскелең, Балқаш, Нарынқол, Кеген, Боралдай, Өтеген батыр (ГРЭС), Талғар қ. аудандық ауруханаларында және Қапшағай қ. қалалық ауруханасында болады.

АККА мамандары науқастарды қабылдайды, бақылауда тұрған науқастардың емдеу барысымен танысады, сонымен бірге жергілікті әріптестерімен науқастардың ауруын анықтау және емдеу тәсілдері төңірегінде тәжірибе алмасады. 

АККА Баспасөз қызметі

+7 707 675 25 55