
2021 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 24 955 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен 15 558.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1167,5 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,8% - дан 0,6% - ға дейін төмендеді. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш - 0,9%, Іле - 0,7%, Жамбыл - 0,7%, Қарасай – 0,8%, Кербұлақ – 0,7%, Сарқан - 1,3%, Талғар - 1,1%, Ұйғыр– 0,7% аудандарында байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ – дің 140 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны-0,6%. Оның ішінде 113 симптомдық (80,7%) және 27 симптомсыз (19,2%) жағдай.
21.05.2021 ж. жағдай бойынша 21 942 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 38 пациент шығарылды, 257 адам үйден оқшаулаудан шығарылды