Балалар ауруханасында ортопедиялық профиль ашылды

Балалар ауруханасында ортопедиялық профиль ашылды

Мамыр айында облыстық көпсалалы балалар ауруханасында балалар ортопедиялық профиль ашылды. Осыған байланысты Түркістан облысының мамандары-Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті, жоғары санатты ортопед, Шымкент қаласы облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бектенов Еркебай Тәліпбайұлының, Түркістан облысының штаттан тыс бас ортопед м. ғ. к. Байторе Ғалым Пернебекұлы және облыстық көпсалалы балалар ауруханасы қызметкерлерінің қатысуымен тәжірибе алмасу форматында мастер-класс ұйымдастырылды.

Мастер-класс бағдарламасында тақырып бойынша дәріс:

  1. сүйек-бұлшықет жүйесінің туа біткен ауытқулары мен деформациялары (балалардағы туа біткен клубтық аяқ, кеуде қуысының деформациясы). Диагностика және емдеу тактикасы.
  2. Операциялар мен талқылаулар.

Сондай - ақ, ауруханада алғаш рет ЭОП бақылауымен екі аналық сүйекті де жабық репозициялау және интрамедуллярлы икемді өзектермен бекіту операциясы жасалды.