Талдықорғанға отандық «QazVac in» вакцинасының 4 мың дозасы жеткізілді

Талдықорғанға отандық «QazVac in» вакцинасының 4 мың дозасы жеткізілді

Препарат облыстық аурухананың дәрі сақтау қоймасына тапсырылды.

Бұл жерден вакцина облыстағы 250-ден астам екпе пунктіне таратылады. Қазақстандық ғалымдар өндірген вакцинаның ресейлік Спутник V екпесінен ерекшелігі сақтау температурасында. Егер ресейлік препарат нольден төмен температурада сақталса, отандық вакцинаны +2, +8 градуста сақтауға болады, дейді мамандар. Бүгіннен бастап жетісулықтар да отандық екпені қабылдай бастайды.

«Жеткізілген 4000 мың вакцина ол бірінші партия. Негізінде Алматы облысына 1 млн 100 мың вакцина келеді»,- деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансенгіров.

ҚазАқпарат