
Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханысында Жумадилов Агзам Шаймерденовичтің қатысуымен “Халі ауыр науқастар және жүктілік” тақырыбында дәріс оқылды. Конференция онлайн форматта зум платформасында өтті. Жумадилов Агзам Шаймерденович - медицина ғылымдарының докторы, АО “МУА” жедел жәрдем, жан сақтау және анестезия кафедрасының профессоры. SNACC, ASA и ESA атты халықаралық ассоциация мүшесі, жоғары дәрежелі анестезия-жан сақтау дәрігері. Бас қосу барысында еліміздің жан сақтау бөлімінің меңгерушілері мен кез келген дәрігерлері сапалы дәріс тыңдауға мүмкіндік алды. Аталмыш жиынның басты мақсаты,науқастың ауруы елеулі немесе қауіпті екендігі жөнінде хабардар ете алатындай белгілерді байқап, сапалы ем жасау. Сонымен қоса, жүкті әйелдердің ауруларын алдын алу жұмыстары жайлы баяндалды.