
Талдықорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиникасында Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ және Шымкен қ, онкологиялық орталығының ұйымдастыруымен «Бауыр обырын химиоэмболизациялау . Химиотерапия алатын онкологиялық науқастарда ұзақ веноздық қолжетімділікті қамтамасыз ету» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.
Шара аясында ҚазОРҒЗИ радиология және ядролық медицина бөлімінің маманы Нұсейітов Ілияс және Шымкент қалалық онкологиялық орталықтың химиотерапия және эндоваскулярлық онкология бөлімшесінің меңгерушісі, «ОҚМА» АҚ хирургиялық пәндер кафедрасының доценті, м.ғ.қ. Арыбжанов Давранбек, науқастарды емдеудің заманауи тәсілдері, бауыр обырын химиоэмболизациялау және веноздық порт – катетерлерді орната отырып, химиотерапия алатын онкологиялық науқастарға ұзақ уақыт веноздық қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша тәжірибие алмасып, біліктіліктерімен бөлісті.
Шеберлік сабағының бірінші күні білікті медицина мамандары облысымыздың Солтүстік өңіріндегі онколог дәрігерлеріне онлайн режимде дәріс беріп, қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды қабылдап, кеңес берді. Пациенттердің клиникалық жағдайлары талданып, емдеу тактикасы бойынша ұсыныстар жасалды. Келесі күнінде бауыр обырымен ауыратын 4 науқасқа химиоэмболизация отасын жасап, 8 науқасқа веналық порт-катетерлер орнатты.
Шеберлік сабағын өткізудің басты мақсаты – интерактивті хирургиялық әдістермен бауыр ісігін емдеудің заманауи ұсыныстарын және процедураның ерекшеліктерін көрсету. Сонымен қатар клиникамызда бауыр обырын химиоэмболизациялау және веноздық порт катетерлерді орната отырып, химиотерапия алатын науқастарға ұзақ уақыт веноздық қол жеткізуді қамтамасыз ету әдістемесін енгізу болып табылады