
Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданының 7265 тұрғыны коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Вакцинацияланған адамдар арасында жағымсыз әсері тіркелген жоқ. Бүгін "Фуд-Мастер" АҚ компаниясының қызметкерлері екпе алды. Олар компанияның кеңсесі орналасқан Есік өндірістік алаңында белсенді түрде вакцинацияланады. Вакцинация ұйымдастырылған компанияның медициналық пунктінде барлық санитарлық-эпидемияға қарсы талаптар сақталған. Барлығы "Спутник V" вакцинасын алғаннан кейін қалыпты режимде жұмысын жалғастырды.
Екпе саалар алдында терапевт дәрігер пациенттерді тексеріп, егілгендердің жағдайы мен әл-ауқаты туралы біліп, вакцинаны енгізгеннен кейін мүмкін болатын реакцияларды түсіндірді. Осы вакцинаға қарсы көрсетілімдері бар пациенттерге екпе жасалған жоқ.
Айта кетейік, вакцинация ұйымдасқан ұжымдарда аурудың таралу қаупін және аурудың ықтимал ауыр ағымдарын болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.