
Ең алдымен, коронавирусқа қарсы вакцинаны медицина қызметкерлері мен халықпен жиі байланыста болатын тәуекел тобына жататын адамдар алуы керек. Бұл денсаулық сақтау және экономика саласындағы жағдайды барынша жылдам тұрақтандыруға, сондай-ақ пандемиядан шын мәнінде жаһандық қалпына келтіру процесін бастауға мүмкіндік береді.
- жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, реанимацияның, қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері.
-Мектеп, ЖОО, мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтері, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар.
- ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК қызметкерлері.
Бүгінгі таңда Алматы облысында 9761 медицина қызметкері, 4044 педагог және күш құрылымдарының 780 қызметкері егілді.
Жалпы, 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап аймаққа "Спутник-V"деп аталатын COVID – 19 вакцинасының 25 мыңға жуық дозасы жеткізілді.