
Жұма, сенбі күндері Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Қапшағай қаласы мен Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ аудандарының ауруханаларының коронавирус індетінің таралуына (кезекті толқынына) дайындығын тексерді.
Ауруханаларға жатқызып, ем-дом көрсетуді қажет ететін науқастар санының күрт артуына байланысты, стационарлардағы жатын орындар 70-90 %-ке толған.
Ауруханаларға тәулігіне 150-200 адамнан түсіп жатыр. Осыған байланысты қосымша төсек орындар санын арттырып, өзге де медициналық мекемелерді коронавируспен күресу бағытына икемдеу туралы шешім қабылданды. Барлық ауруханаларда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының бір айға жететін қоры бар.