Қуық экстрофиясы диагнозымен туған 1 айлық нәрестеге  ота жасалды

Қуық экстрофиясы диагнозымен туған 1 айлық нәрестеге  ота жасалды

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында алғаш рет  несеп-жыныс жүйесінде туа бітті ақауы бар (қуық экстрофиясы) жаңа туған нәрестеге сәтті ота жасалды. Қуық экстрофиясы - бұл педиатриялық урологиядағы ең ауыр туа біткен ақаулардың бірі. Аталған диагнозбен туған балаларға тек 1 жастан асқанда ғана ота жасалады.

Көпсалалы балалар ауруханасының тәжірибелі дәрігерлерінің арқасында облыс деңгейінде 2021 жылдың 9 наурыз күні дүниеге келген нәрестеге алғаш рет ота жасалып отыр.  9-шы күні бала хирургия бөлімінің палатасына ауыстырылды. Бүгінгі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кету керек, қуық экстрофиясы диагнозы анықталған жаңа туған нәрестелерге осы уақытқа дейін   Ұлыбритания, АҚШ, Сербия және Израиль мемелекеттерінде ота жасалатын.