Клиникада Ашық есік күні өтті

Клиникада Ашық есік күні өтті

27 наурыз күні Алматы аймақтық көпсалалы клиника мен Талдықорған қаласындағы  облыстық көпсалалы клиникада колоректальды обырдың қауіп факторлары, алдын алу және ерте диагностикасы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға арналған Ашық есік күні өтті. ЗЗ адам дәрігерлер тексеруінен өтіп, барлығы онколог пен онкохирургтен кеңес алды. Үш науқаста жоспарлы диагностиканы қажет ететін қатерлі дерт анықталды. Науқастарға тегін компьютерлік томография мен магнитті-резонансты томографиядан өтуге жолдама берілді.  Клиника дәрігерлері бұл күні тұрғындардың басым бөлігі онкологтарға бірінші рет жүгінгенін атап өтті. Ашық есік күінен қатысқан адамдардың көбі 35 жастан асқан тұрғындар.