
Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жансеңгіров Арман Серікұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Алматы облысында осы уақытқа дейін барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 366 адам тіркелді. Оның ішінде 4787 адамнан КВИ симптомдары анықталған. 10 122 адам емделіп шықты. 510 пациенттің 348-і үйде оқшаулау жағдайында, 162 адам инфекциялық бөлімшелерде ем қабылдап жатыр.
2021 ж 10 наурызда облыста 45 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері анықталды. Өсім тәулігіне 0,4% – ды құрап отыр.
Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің бақылауында 2 464 адам бар, оның ішінде стационарлық емдеуде – 548 адам.
Инфекциялық стационарлар жүктемесінің төмендеуіне байланысты төсек қорының саны 1370 - тен 1292 төсекке дейін төмендеді. Инфекциялық стационардың 1 деңгейдегі жүктемесі 40,5% – ды құрайды, 2 деңгейдегі жүктеме(провизорлық) – 43,3 % құрайды.
Жалпы облыста 1292 инфекциялық төсек-орын бар. (1 деңгейдегі 400 төсек-орын, 2 деңгейдегі 892 төсек-орын).
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 124-тен 135-ке дейін артты.
Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа - 8,8 млрд. теңге бағытталды.
Медициналық ұйымдарда 17 компьютерлік томограф, 53 рентген аппараты, 534 ӨЖЖ жұмыс істейді (оның ішінде балалар үшін - 70, ересектер үшін – 464).
Облыстың 17 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 818,2 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ оттегі концентраттарының саны 1350 данаға дейін жеткізілді, оксигенотерапиямен қамту 45% төсекке жеткізілді (норматив 20%).
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 26 реанимациялық бөлімше қажетті жабдықтармен (135 төсек) жабдықталған, диагностика және емдеу хаттамалары сақталуда.
Жоғары ағынды оттекті терапия әдісі енгізілді. 36 Хай Флу аппаратының көмегімен 1000-нан астам адам ем қабылдады.
Жалпы, медициналық жабдықпен қамтамасыз ету 79% - дан 89% - ға дейін артты.
180 жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды (барлығы 17 ЖМК бар). Бригадалар саны 205-ке дейін артты.
200 төсектік жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді. Ауыр жағдайдағы науқастар мен балаларға арналған көп бейінді ауруханалар базасында 4 ахуалдық орталық құрылды. Қажет болған жағдайда 5280 төсек-орын орналастырылады.
Коронавирустық пневмонияны ерте кезеңде анықтау үшін жаңа цифрлық жүйе енгізілді.
Облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдарының екі айлық қоры (0,8 млн.маска, 0,4 млн. жұп қолғап, 31,4 мың бір рет қолданылатын қорғаныш костюмдерінің жиынтығы), дәрілік заттардың екі айлық қоры (112,3 мың дене қызуын түсіретін, 20,3 мың вирусқа қарсы препараттар, 154 мың антибиотик) бар.
Бұдан өзге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен вирусқа қарсы препараттар сатып алынды(4 атау).
Облыстың 1,3 млрд. теңгеге тұрақтандыру қоры құрылды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 41 атауы "INKAR"ЖШС қоймаларына бөлінген.
Амбулаториялық және стационарлық деңгейде 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер (447 терапевт, 38 инфекционист, 143 реаниматолог, 8 нефролог, 8 пульмонолог 12 трансфузиолог, 98 невролог, 97 басқа мамандық дәрігері), 2604 орта және кіші медицина персоналы тартылды.
Сондай - ақ, ЖОО-ның 45 түлегі, 281-Медициналық колледждің 281 түлегі және зейнеткер дәрігерлер науқастарға консультативтік көмек көрсетеді.
Дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан-Ресей медициналық университетімен Денсаулық сақтау мамандарын, интерндерді, резиденттерді көп деңгейлі даярлау бойынша оқу орталығын құру туралы Меморандум жасалды.
Медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың азаймайтын қоры бар.
Ағымдағы жылы облысқа "Спутник V"вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 01 ақпанында сағат 03.00-де барлық талаптарды сақтай отырып, "Медсервис Плюс "КФК" ЖШС Облыстық қан орталығының сақтау қоймасына Нұр-сұлтан қаласынан Коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 1 компонентінің 1 450 дозасы жеткізілді. Вакцинаны сақтау көлемі 5 текше метр Облыстық қан орталығының мұздатқыш камерасында сақталады, көлемі жеткілікті.
Бүгінгі таңда вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштар барлық 27 медициналық ұйымда бар. Қазіргі уақытта 48 мұздатқыш және 104 белсенді термоконтейнерлер бар.
Талдықорған қ., Қарасай, Қаратал аудандарында және Еңбекшіқазақ ауданы Шелек а. 4 пунктінде екі компаненттен 1 450 адамға екпе жасалды.
Облыс бойынша дәрігерлерді, мұғалімдерді, полицейлерді жаппай вакциналау басталды. Облысқа 9 900 доза вакцина жеткізілді, КВИ-ға қарсы 2232 адам егілді.
27 медициналық ұйымда 30 егу кабинеті дайындалды. Медициналық қызметкерлермен халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу алгоритмі бойынша семинар өткізіліп, 569 медицина қызметкері аттестатталды.
Вакцинациямен 150 мың адамды қамту жоспарлануда, оның ішінде 14,2 мың медицина қызметкері, 33,2 мың педагог және т. б бар.
Облыста 10 зертхана жұмыс істейді. Онда тәулігіне 6,3 мыңға дейін зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
11.03.2021 ж. жағдай бойынша ПТР әдісімен 473 818 адам зертханалық тексеруден өтті.