
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы Қорам ауылында көлік оқиғасынан зардап шеккен қыздардың хал-жағдайын білуге Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға арнайы барды.
Бүлдіршіндердің қазіргі жағдайымен танысқан басқарма басшысы балалардың сауығып кетуі үшін барлық қажетті көмек жасалынатынын айтты. Ауруханаға Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасынан күнделікті нейрохирург, травматолог, реаниматог мамандар келіп, балаларға медициналық көмек көрсетуде.
Қазіргі уақытта Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға түскен 2021 жылы туған екі баланың жағдайы өте ауыр. 2011 жылы туған үшінші қыз баланың жағдайы орташа ауырлықта. Ол Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Қазіргі таңда травматолог дәрігерлердің қатысуымен ота жасалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен қыздардың өміріне алаңдаушылық білдіріп, істі өз бақылауына алатынын жеткізген болатын. Алматы облысының басшысы Амандық Баталов оқушылардың емделіп, денсаулықтарын қалпына келтіруге мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылданғанын атап өтті.