Алматы облысында санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ке көтерілді

Алматы облысында санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ке көтерілді

Бұл туралы тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Өткен жылы коронавирус індеті денсаулық сақтау саласына үлкен сынақ болды. Індетпен күреске жергілікті бюджеттен 14 млрд. теңге, соның ішінде 9 млрд. теңге екінші толқынына дайындық шараларына бөлінді.

3 томограф, 18 рентген-аппараты, 219 ИВЛ, 180 жедел жәрдем көлігі, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Соның нәтижесінде медициналық құрал-жабдықтармен және санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ке көтерілді, - деді А. Баталов.

Сондай-ақ Талдықорғанда қысқа мерзімде 200 төсектік модульді инфекциялық аурухана салынды, инфекциялық төсектің жалпы саны 5280-ге дейін көбейтілді.

Жыл сайын облыста денсаулық сақтаудың 10 - 15 объектісі салынады. Мәселен, өткен жылы Жамбыл ауданында әйелдер консультациясы бар 100 орындық перзентхана, 10 дәрігерлік амбулатория, бір медпункт іске қосылды.

zhetysupress