
Бүгін Жетісу телеарнасының "Таңжарық" бағдарламасында Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың онколог дәрігері Дәулет Есқожаұлы 4 ақпан -Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай тікелей эфирде ақпарат беріп, скринингтен уақытында өтудің маңыздылығын атап өтті.
Қазір елімізде қабылданған ұлттық бағдарлама негізінде сүт безі қатерлі ісігі (40-70 жас аралығындағы әйелдер ), колоректальды қатерлі ісік (50-70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер), жатыр мойны обыры (30-70 жас) ауруларын ерте анықтау мақсатында тегін скринигтен өтуге болады.
Қазақстанда онкологиялық аурулардың ең көп кездесетін түрлері: сүт безі, өкпе обыры, колоректальды обыр, жатыр мойны және асқазан обыры.