
Алматы аймақтық көпсалалы клиникада ашық есік күні өтті. Әйелдер арасында жатыр мойыны обырының алдын алу мақсатында өткен іс-шарада 26 әйел скринингтен өтті. Скринингтен өткен әйелдерден өзге де ауру белгілері анықталып, толыққанды тексеруден өтуге жіберілді. Жыл сайын жатыр мойыны обырының алдын алу мақсатында өткізілетін апталықта әйелдер қажетті анализдер тапсырып, онкогинекологтан кеңес алды.
Қазақстанда 2008 жылы қабылданған ұлттық бағдарлама негізінде тұрғындар жыл сайын тегін скрингтен өтіп тұрады. Бүгінгі күні онкологиялық аурулардың ішінде жатыр мойны обырына көбіне жасы 40 пен 50 арасындағы әйелдер жиі шалдығады. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жыл сайын осы аурудан 600-ге жуық әйел қайтыс болады.