Алматы облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай және COVID-19 қарсы күресте атқарылған іс-шаралар

Алматы облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай және COVID-19 қарсы күресте атқарылған іс-шаралар

Бүгін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы  Алматы облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай және COVID-19 қарсы күресте атқарылған іс-шаралар туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Белгілі болғандай 18 қаңтар күні облыста 93 жағдай анықталып, тәулігіне өсім – 1,1% құрап отыр.

Алматы облысы бойынша осы уақытқа дейін коронавирустың 8284 жағдайы тіркеліп, оның ішінде 6215 адам емделіп шығарылды. Коронавирус инфекциясының белгілері 3268 адамнан анықталған.  Қазіргі таңда облыстағы 617 пациенттің  177-сі инфекциялық бөлімшелерде,  440-ы үйде оқшаулау жағдайында ем қабылдап жатыр.

Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің бақылауында 2472 адам бар. 

Инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек саны 1138 - ден 1300-ге дейін артты.  

Облыстағы медициналық мекемелерде  1300 инфекциялық төсек бар.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 124-тен 135-ке дейін артты.

Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа - 8,8 млрд. теңге бөлінді.

Медициналық ұйымдарда 17 компьютерлік томограф, 53 рентген аппараты, 534 ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) жұмыс істейді (оның ішінде балалар үшін - 70, ересектер үшін – 464).

Облыстың 17 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 818,2 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ, оттегі концентраттарының саны 1350 данаға жетті, оксигенотерапиямен қамту 45% - ға жеткізілді (норматив 20%).

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 26 реанимациялық бөлімше қажетті жабдықтармен (96 төсек) жабдықталды.

Жоғары ағынды оттекті терапия әдісі енгізілді, 31 Хай Флу аппараты(76 млн.теңге) бар. 300-ден астам адам ем қабылдады.

Жалпы, медициналық жабдықпен қамтамасыз ету 79% - дан 89% - ға дейін артты. 180 жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды(барлығы 17 ЖМК бар). Бригадалар саны 205-ке дейін артты.

200 төсектік жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді. Жағдайы ауыр науқастар мен балаларға арналған көпсалалы ауруханалар базасында 4 ахуалдық орталық құрылды. Қажет болған жағдайда 5280 төсек-орын орналастырылады.

Коронавирустық пневмонияны ерте кезеңде анықтау үшін жаңа цифрлық жүйе енгізілді.

Облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдары мен дәрілік заттардың екі айлық қоры бар.

Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен 92,1 млн.теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды.

Облыста 1,3 млрд. теңгеге тұрақтандыру қоры құрылды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 41 атауы "INKAR"ЖШС қоймаларына бөлінген.

Сондай-ақ, "СК Фармация" арқылы дәріханаларға 63 млн.теңгеге(33 атау) өтінім қалыптастырылды.

Амбулаториялық және стационарлық деңгейде 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер (447 терапевт, 38 инфекционист, 143 реаниматолог, 8 нефролог, 8 пульмонолог 12 трансфузиолог, 98 невролог, 97 басқа мамандық дәрігері), 2604 орта және кіші медицина персоналы тартылды.

Сондай - ақ, ЖОО-ның 45 түлегі, медициналық колледждің 281 түлегі мен зейнеткер дәрігерлер науқастарға консультативтік көмек көрсетеді.

Дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан-Ресей медициналық университетімен денсаулық сақтау мамандарын, интерндерді, резиденттерді көп деңгейлі даярлау бойынша оқу орталығын құру туралы Меморандум жасалды.

Медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың азаймайтын қоры бар.

Облыста 10 зертхана жұмыс істейді, онда тәулігіне 6,3 мыңға дейін зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

19.01.2021 ж. жағдай бойынша ПТР әдісімен 374 856 адам зертханалық тексеруден өтті.

1 тамыздан бастап облыс бойынша пневмония диагнозымен 1607 адам тіркелді. 366 пациент емделіп шықты.