Жатыр мойны обырын алдын алу бойынша әйелдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жатыр мойны обырын алдын алу бойынша әйелдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қарғалы ауылдық ауруханасының гинекология бөлімінде жатыр мойны обырын алдын алу бойынша әйелдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жатыр эндометриясы обыры етеккір үзілісі кезеңінде кездеседі және пациенттердің орташа жасы - 60-62 жасты құрап отыр. Негізгі себебі–гормоналдық бұзылулар, эстрогеннің жоғарылауы болып табылады.

Жатыр обыры қатерінің факторлары

Эндометрия гиперплазиясы

Семіздік

Қант диабеті

Бедеулік немесе туыттың болмауы

Кеш басталған етеккір үзілісі (менопауза)

Аналық без ісіктері

Тұқымқуалаушылық

Сүт безі обырын емдеу кезінде томаксифенді қолдану болып табылады.

Ауру белгілері

Етеккірдің болу немесе болмауына байланысты, кейде әйелде етеккір функциясы сақталып, бірақ етеккірдің ұзақ әрі ағыл-тегіл келуі мазасыздандырады және етеккірдің келуінің өзі тұрақсыз сипатқа ие болады.

Алайда ауру жиі етеккір үзілісі кезеңінде пайда болады. Алғашқы белгісі жыныс жолдарынан қан аралас немесе сулы-іріңді шығындылардың бөлінуі мүмкін. Ауырсынулар жатыр ісіктерінің талшыққа және сегізкөздің нервтік бірігуіне әкелуі кезінде пайда болады. Ісіктердің қуыққа қарай өсуі кезінде дизуриялық құбылыс және зәрде қан пайда болады.