Сайлау күні 94 Жетісулық дүние есігін ашты

Сайлау күні 94 Жетісулық дүние есігін ашты

Бүгін саяси науқан кезінде Алматы облысында 94 сәби туылды. Дәрігерлердің айтуынша, өңірде бала туу көрсеткіші жоғары.

Ал, облыс орталығы Талдықорғанда 13 сәби дүниеге келіп көпті қуантты. Олардың 7-еуі  ұлы болса, 6-ауы қыз бала. Бұл туралы облыстық перинаталдық орталық басшысы Қанат Жұмашев мәлімдеді. Тәулік соңына дейін жаңа туған сәбилердің қатары тағы өсуі мүмкін. Мереке күні өмір есігін ашқан  шақалақ пен аналарының қазіргі жағдайы жақсы дейді ақ халаттылар. Жаңа туылған балаларға Сайлау, Сайлаубек, Сайлаугүл сынды есімдер беріліп жатыр. Айта кетсек, 10-шы қаңтар елімізде Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр.

Жалпы, жыл басынан Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта 6050-ден аса сәби дүниеге келген. Орталық директорының айтуынша, биылғы жылы бала туу көрсеткіші жоғары. Өткен жылдың 12 айында 6600 ана босанса, жыл соңына дейін 7000-ға жетеді деп күтіліп отыр.