Панфилов ауданында бір ауысымда 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория іске қосылды

Панфилов ауданында бір ауысымда 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория іске қосылды

Алматы облысының Панфилов ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы"бағдарламасы аясында салынған бір ауысымда 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Пенжім ауылдық округінің 10 мыңнан астам тұрғыны медициналық қызметтермен қамтылады.

Медициналық орталықтың құрылысына 259,2 млн теңге бөлінді. Осы уақытқа дейін  тұрғындарға амбулаторияның ескі ғимаратында қызмет көрсетілсе, енді үш елді мекеннің тұрғындарын заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған жаңа нысан қабылдайды. Мұнда зертханалар да, стоматология бөлімі де бар.

Жалпы ауданы 707 шаршы метр болатын жаңа нысанды іске қосудың арқасында 42 адам жұмысқа орналастырылды. 4 дәрігер, 28 орта буын қызметкерлері және 10 техқызметкер үшін қолайлы жұмыс жағдайлары жасалған.

Панфилов ауданы әкімдігінің хабарлауынша, бүгінде ауданда 16 ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Жалпы, Пенжім ауылдық округін дамытуға биыл 1 млрд. теңге бөлінді.

Алматы облысында 235 дәрігерлік амбулатория бар. Жыл соңына дейін ауылда 18 медициналық мекеме қолданысқа берілді. Оның ішінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласының 10 жобасы іске асырылуда.