Алматы облысында «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасының алғашқы қабылдау пункті ашылды

Алматы облысында «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасының алғашқы қабылдау пункті ашылды

«Үміт бесігі» әлеуметтік жобасының ең алғашқы пункті Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында 2020 жылдың 21 желтоқсанында салтанатты түрде ашылады.

Соңғы уақытта балаларын ажал құшағына қалдырып жатқан жантүршігерлік жағдайлардың көптеп орын алғанына куә болып жүрміз, жаңа туған нәрестесін далада, құрылыс алаңдарында тастап кеткен, тіпті әжетханаға лақтырған аналар неге осы жолға барды, неге елімізде мұндай жағдайлар көбейіп кетті???

 Балалардың өмір сүруіне мүмкіндік беруге болмай ма, не өмірдің тауқыметін көтере алмай осындай қадамға барған анаға баласының өмірін құтқару мүмкіндігін бере аламыз ба?

Осы көкейкесті мәселелердің шешімін табу үшін «Alem Asar» Әйелдер творчествалық бастамасы Лигасы, «Aspan Space» Бастамалық тобы Қайырымдылық қоры «Үміт бесігі»әлеуметтік жобасын жүзеге асыруға қажеттілігін ұсынды.

«Үміт бесігі» — ананың өз баласын өлтіруі мен өмірін қауіпке төндіру сияқты аса ауыр қылмыстың алдын алу. «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасы туғанынан ата-анасы бас тарқан сәбидің өмірін құтқаруға бағытталған, заман талабына сай туындаған шешім. «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасының авторлары тастанды сәбилерді балаларға арналған медициналық мекемелер жанына ашу қажеттілігін, сәби өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезден бастап дер кезінде медициналық көмек көрсетілуі қажеттілігін, ары қарай мемлекеттік органдар қамқорлығына берілуі керектігін ескерген.

Бізге ең маңыздысы – осы өзекті мәселеге қоғам назарын аудару. Әрбір құтқарылған сәби өмірі – біз үшін жеңіс, еңбегіміздің жемісі. Егер «Үміт бесігіне» сәби қалдырылмаса – ол біз үшін қуаныш, алдын алу шараларының жүзеге асырылғандығы.   Сондықтан біз БАҚ «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасының жұмысы туралы ақпаратты әр азамат назарына жеткізу үшін, үнімізді есту үшін қолдау көрсетуін өтінеміз, себебі:

- әр баланың өмір сүру құқығы бар;

- ата-аналар қателікке ұрынбай, дұрыс таңдау жасауы керек;

- дәрігерлерде сәби өмірін құтқару үшін қажетті медициналық көмекті көрсету мүмкіндігі бар.

«Үміт бесігі» әлеуметтік жобасының ең маңызды басымдылықтары да бар:

Құпия түрде сақталуы – бұл өте маңызды, себебі ана өз сәбиіне қол жұмсауға, өмірін қиюға ешкім білмеу үшін қорқыныш пен ұят салдарынан барады.

Ата-ананың баланы өзіне қайтара алу мүмкіндігі – сәбиді басқа отбасы асырап алғанға дейін ата-анаөзіне қайтара алады, ал далаға немесе қоқысқа лақтырған сәбиді қалай құтқара аласың? Егер перзентханада сәбиден бас тартып, құжаттар толтырса, ал баласын ажал құшағына қиятын аналар көбіне перзентханада босанбайды, олар үйінде немесе басқа да өзіне ыңғайлы жасырын жерде босанады,  бұл жерде қылмыс жасаудың қажеті жоқ, тек бас тартқан сәбиін «Үміт бесігі» қорғаныс орнына қалтыра алады.

Бала өмірі үшін қауіпсіздік - «Үміт бесігінде» балаларға арнайы жақызып қоятын ыңғайлы орын болады, ары қарай сәби тікелей дәрігер бақылауына алынады.
         

Мәлімет үшін: Германия қазіргі әлемде осындау пункттерді енгізген ең алғашқы еуропалық ел. Қазіргі таңда осындай пункттер  Италия, Швейцария, Латвия, Чехия, Жапония сияқты елдерде енгізілген. 2011 жылдан бастап Ресей Федерациясында да пункттер қойылған.  Осындай алдын алу шараларын ескерген елдерде қаншама сәби өмірі құтқарылып, игілікті іс жүзеге асырылды. Мысалға, соңғы жылдары Ресейде 115 бала өмірі арашаланып, оның 15 отбасына қайтып оралған, Словакияда тек қана 2004 жылы ғана жиырмаға жуық сәби, ОАР 10 жыл көлемінде 96 сәби тағдыры ажал құшағынан аман қалса, неміс елінің тек қана  Гамбург қаласында 2010 жылы 38 сәбиді құтқарған.