Алматы облысында Тәуелсіздік күні 150 бала дүниеге келді

Алматы облысында Тәуелсіздік күні 150 бала дүниеге келді

Алматы облысында 16 желтоқсан күні туған сәбилерге ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы логотипі жазылған орама көрпе үлестірілді. Ерекше бастаманы Алматы облысының әкімдігі жүзеге асырды. Дәл осы айтулы күні өмірге келген сәбилердің 10-ы Талдықорған қаласында.

- Жаңа туылған нәрестелердің ең көбі - Қарасай және Іле аудандарында тіркеледі деп күтілуде. Жоспар бойынша бұл өңірлерде айы-күні жетіп отырған 30 шақты ана бар. Атап өтсек, жыл сайын облыста бала туу көрсеткіші артып келеді. Жалпы, жылына 50 мыңға жуық сәби дүние есігін ашады, - дейді Алматы облыстық перинаталдық орталық басшысы Қанат Жұмашев.

Тәуелсіздік күні Ескелді ауданында 3, Кербұлақ ауданында 4, Сарқан ауданында 10 бала дүниеге келді.
Жалпы, жыл басынан Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта 6050-ден аса сәби дүниеге келген. Орталық директорының айтуынша, биылғы жылы бала туу көрсеткіші жоғары. Өткен жылдың 12 айында 6600 ана босанса, жыл соңына дейін 7000-ға жетеді деп күтіліп отыр.

Дереккөзі: 7-su.kz