Алматы облысындағы ауруханада  алғаш рет мұрын және мұрын маңы қуыстарына эндоскопиялық операциялар жасалады

Алматы облысындағы ауруханада  алғаш рет мұрын және мұрын маңы қуыстарына эндоскопиялық операциялар жасалады

2020 жылдың 4 желтоқсанында Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында алғаш рет мұрын және мұрын маңы қуыстарына эндоскопиялық операциялар жасалады. Сонымен қатар ортаңғы құлақтың микрохирургиясы да қарастырылады.

Аталған ауруханада облыста алғаш рет эндоскопиялық ЛОР тірегі құрылғысымен ота жасалмақ. Мастер-класс Нұрсұлтан қаласынан келген медицина ғылымының кандидаты Е.Имангалиевтің қатысуымен өтеді. 

Мастер-класс шеңберінде консультациялар, қажет болған жағдайда тегін тексеру жүргізу , оның ішінде МРТ, КТ, көрсетілімдері бойынша жедел емдеу қарастырылған.