Дәрігер «Қазақстан Конститутциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

Дәрігер «Қазақстан Конститутциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

Бүгін Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың директоры Молдақұлов  Жұмахан Мұқашұлы «Қазақстан Конститутциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Марапатты облыс әкімі Амандық Баталов табыстады.

Еске салсақ, 2020 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция қабылданғанына 25 жыл толуына орай мерейтойлық медаль тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.