
Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының хирургия бөлімінде медицина қызметкерлеріне арналған "стомацияланған науқастарды оңалту негіздері" тақырыбында білім беру семинары өткізілді. Семинарды хирургия бөлімінің ординатор дәрігері Суров Максим Юрьевич жүргізді. Іс-шара "Coloplast" фирмасының және тікелей компания менеджері Ерментаева Айгүлдің қолдауымен өткізілді.
Семинар барысында әлеуметтік, психологиялық, сондай-ақ медициналық оңалту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ колостоманы күту бойынша практикалық курс өткізілді.
Осы тақырыптың өзектілігін ескере отырып, аталған клиника қызметкерлері онкологиялық науқастарды оңалтудың әртүрлі аспектілерін қозғай отырып, осындай сабақтарды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.