
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен күресу Дүниежүзілік күні аясында және созылмалы обструктивті ауруыдың алдын алу, зиянды әдеттер, темекі шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну, физикалық енжарлық және дұрыс тамақтанбау бойынша тұрақты мінез-құлықтың алдын-алу және қалыптастыру туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында 479 адамды қамтыған 18 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді, Оның ішінде: 4 семинар – 234 адам, 4 пікірталас – 79 адам, конференция – 75 адам, 2 лекция – 25 адам, 2 дөңгелек үстел – 9 адам, 2 конкурс – 30 адам, 2 тақырыптық сабақтар – 22 адам, викторина – 5 адам. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу бойынша 23 мың дана үнпарақ таратылды.