"Ескерту түзетуден гөрі оңай!»

"Ескерту түзетуден гөрі оңай!»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 20-59 жас аралығындағы әйелдер өлімінің алғашқы себебі сүт безі қатерлі ісігі болып табылады, бұл әйелдер арасындағы қатерлі ісік ауруының 16% құрайды, өмір сүру ұзақтығының өсуіне, урбанизацияға және қазіргі өмір салтын кеңінен қабылдауға байланысты ауру артып келеді. Ерте диагноз қою және сапалы, қол жетімді және уақтылы көмекке қол жеткізу сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрестің негізі болып табылады.

Анықталған аурудың 1-ші сатысында емделу пайызы 91-93%, 2-ші – 80%, 3-ші-50% құрайды. "Ескерту түзетуден гөрі оңай!» Ұлттық бағдарлама аясында 495 адамды қамтыған 18 іс-шара ұйымдастырылды. Радио мен теледидарда, лэд экрандар арқылы қоғамдық орындарда аудио/видео роликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Сүт безі обырының алдын алу бойынша 5 000 плакат дайындалды.