Екі апта бұрын қолданысқа берілген 89 жаңа жедел жәрдем көлігі 4000-нан аса шақыртуға барған

Екі апта бұрын қолданысқа берілген 89 жаңа жедел жәрдем көлігі 4000-нан аса шақыртуға барған

Жаңа жедел жәрдем көліктері - жаңа мүмкіндіктер. Таяуда медицина мекемелеріне берілген су жаңа техника халық саулығы күзетінде жүр. 2-ші қарашада қолданысқа берілген 89 жедел жәрдем көлігі 2 апта ішінде 4000 нана аса шақыртуға шығып үлгерді.

Алматы облысы медициналық ұйымдарының автопаркінен 180 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Оның ішінде 64 автокөлік қолданысқа берілді. Осы аптаның соңына дейін тағы 42 жедел жәрдем көлігі халыққа қызмет көрсететін болады.

Облыста 165 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Бүгінгі күні 63 бірлік автокөлік келді. Лизинг бойынша 42 бірлік жедел жәрдем автокөліктерін жеткізу 15 қарашаға дейін күтілуде. Жалпы бригадалар саны 205-ке дейін ұлғайтылады.

Жергілікті бюджет қаражатынан емханалар жанынан 4-ші санат бойынша жедел жәрдем бригадалары үшін 30 бірлік автокөлік сатып алынды. Облысқа 12 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді.

Бұдан басқа, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС мен "Самұрық - Қазына" АҚ гуманитарлық көмек шеңберінде 18 бірлік санитарлық автокөлік берілді.