Коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр  

Коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр      

Облыстағы медициналық мекемелер  дәрілік препараттармен және төсек-орындармен қамтамасыз етілді. Бұл жөнінде Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бүгінгі күні облыста коронавируспен ауыратын 5300 науқас тіркелді, оның 4889-і сауығып шықты, 98-і емделуде. Тәулігіне КВИ-дің 16 жағдайы тіркелді.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны тәулігіне 0,3%, соңғы аптада 0,3% құрады.

Қазіргі уақытта стационарлық емдеуде барлығы 176 адам бар, оның ішінде 38 адам инфекциялық стационардың 1 деңгейінде, 138 адам инфекциялық стационардың 2 деңгейінде ем қабылдап жатыр.

Пандемияның ықтимал екінші толқынына 5280 төсек-орын дайындалды.

Коронавирустық инфекциямен күресу мақсатында Талдықорған қаласында 200 төсек орындық модульдік инфекциялық аурухана пайдалануға берілді.

Дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан-Ресей медициналық университетімен денсаулық сақтау мамандарын, интерндерді, резиденттерді көп деңгейлі даярлау бойынша оқу орталығын құру туралы Меморандум жасалды.

Талдықорған және Алматы қалаларындағы көпсалалы ауруханалардың базасында ауыр науқастарға шұғыл көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған орталықтар құрылды. Сондай–ақ, балалар жұқпалы аурулар ауруханаларының базасында балаларға арналған екі COVID-орталығы қосымша жарақтандырылуда.

Екінші толқынға дайындық аясында СOVID-орталығына 1 цифрлық рентген-аппарат, 20 ӨЖЖ аппараты, 12 концентратор, 30 монитор, 8виброакустикалық аппарат, 130 пульсоксиметр медициналық жабдықтар жеткізіледі.

Қазіргі уақытта ауруханаларда 534 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты бар. Республикалық бюджет есебінен тағы 130 құрылғы жеткізіледі деп күтілуде. Жергілікті бюджеттен 1,2 млрд.теңге сомасына 100 бірлік өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттары сатып алынды.

Облыстың 13 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 12 оттегі станциясы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Сарқан аудандық ауруханасы станция қосылады. Бұдан басқа, 1070 оттегі концентраторы сатып алынды, дайындалған 5280 төсектің 40% оттегімен қамтамасыз етілетін болады.

Науқастарды емдеу үшін 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер жұмылдырылды.

Сондай - ақ, ЖОО-ның 45 түлегі, 281-Медициналық колледждің түлегі және зейнеткер дәрігерлер науқастарға консультативтік көмек көрсетеді.

Облыста 8 зертхана жұмыс істейді, қуаттылығы тәулігіне 4,7 мыңға дейін жеткізілді. Барлығы  214,5 мың ПТР-зерттеу жүргізілді.