Онкологтар шалғай аудан тұрғындарын тексеруден өткізді

Онкологтар шалғай аудан тұрғындарын тексеруден өткізді

ШЖҚ "Облыстық көпсалалы клиника" МКК дәрігерлерінен құралған МжБ тобы Панфилов ауданының орталық аудандық ауруханасының онкологиялық қызметін ұйымдастыруды бағалау үшін,    биылғы жылы екінші  сапарын жасады. Тексеру барысында онкологиялық қызметтің жұмысын оңтайландыру бойынша ұсыныстар және қатерлі ісікке күдік туындайтын науқастарға кеңес берілді.

Дәрігерлерге тұрғындарға көрсетілетін онкологиялық көмектің сапасын жақсарту, қатерлі ісіктердің ерте нысандарын анықтау бойынша ұсыныстар берілді.

Клиника мамандары шалғай аудандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету және Ұлттық скринингтік бағдарламаны орындау мақсатында барды.