
Алматы облысында ағымдағы жылы 12,9 млрд.теңгеге 17 денсаулық сақтау нысаны салынуда. 7 нысанды күрделі жөндеуге 3,0 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде белгілі болды.
Облыс әкімінің айтуынша, Талдықорған қаласында қысқа мерзімде 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынды. Ол барлық қажетті заманауи жабдықтармен және штатпен жабдықталған.
Жалпы пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа 8,8 млрд. теңге бөлінді.
Материалдық қолдау көрсету аясында 5362 медицина қызметкеріне 4,7 млрд. теңге сомасында үстемеақы төленді. Жергілікті бюджеттен 1123 медицина қызметкері 137 млн.теңгеге сыйлықақы алды.