
Алматы облысы Ескелді аудандық ауруханасының бас дәрігерінің қызметін атқарушы Құсмолданова Сауле Рыспекқызы фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сауле Рыспекқызы аталған аурухананың коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқына дайындық жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар күрделі жөндеуден өткен аурухананың қызмет көрсету аясы кеңігенін атап өтті. Ол әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды сақтық ашараларын сақтауға шақырды.
Естеріңізге сала кетсек, 1968 жылы тұрғызылған Ескелді аудандақ орталық ауруханасының стационары толық күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Ауруханаға үш орынға арналған триаж жүйесі енгізіліп, емделуден кейін науқастарға оңалту көмегін көрсетуге арналған 3 оңалту залдары (2 -ересек және 1- балаларға арналған ) ашылды. Сонымен қатар реанимация, хирургия, перзентхана , терапия,балалар бөлімшелерінде және ота жасау блогында қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, талапқа сай жаңа заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Ота жасау блогында қосымша операция үстелі орналастырылды. Ота жасалғаннан кейін науқастардың оянуын және жағдайын қадағалауға арналған жаңадан екі төсекке арналған ояту палатасы ашылды.