Бас онколог клиниканың жұмысымен танысты

Бас онколог клиниканың жұмысымен танысты

Бүгін Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың жаңа ғимаратына ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымының докторы Диляра Қайдарова келді. Әзірге жаңа ғимаратта емхана,орталық зертхана мен химия-терапия бөлімі өз жұмысын бастады. Жаңа ғимараттың жұмысымен танысқан бас онколог  клиниканың жұмысына оң баға берді.

Естеріңізге сала кетсек, аталған клиника Алматы қаласы Роза Бағланова 69 А мекенжайы бойынша қазан айының 19-нан бастап жұмыс жасай бастаған болатын.