Клиникада ашық есік күні өтті

Клиникада ашық есік күні өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиникада және облыстық көпсалалы клиникада облыс тұрғындары үшін ашық есік күні өтті. Сүт безі обырымен күрес айлығы аясында өткен ашық есік күнінде 112 әйел дәрігерлер қабылдауында болды. Оның ішінде 11 адамнан қатерлі ісіктің белгілері анықталып, толыққанды тексеруге жолдама берілді.  Ашық есік күні ҚазОРҒЗИ-дан Қазақстанның жетекші мамандарының, маммология бөлімшесінің меңгерушісі М. ғ. д. а. ж. Әбдірахманованың және онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі М. ғ. к. Кукубасовтың қатысуымен өтті.

Сонымен қатар Алматы облысының Ұйғыр аудандық ауруханасы мен Қарасай аудандық аурухансында сүт безі обырының алдын алу мақсатында ашық есік күні өтті.

 Әр адамның денсаулығы өз қолында екенін еске сала отырып, клиникада өтіп тұратын ашық есік күніне келіп, тегін тексеруден өтіп тұруларыңызды сұраймыз.