
17 қазан күні Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Құлаймергенұлы Байжұманов пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбелсейітұлы Облыстық көпсалалы клиниканың жұмысымен танысты. Аталған клиникаға ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымының докторы Д.Р. Қайдарованың басшылығымен келген ҚазОРҒЗИ мамандарынан құрылған мониторинг мен бағалау тобының дәрігерлерімен кездесті.