Қапшағай қалалық ауруханасының дәрігерлері «Халық алғысы» медальін алды

Қапшағай қалалық ауруханасының дәрігерлері «Халық алғысы» медальін алды

Қапшағай қалалық ауруханасында дәрігер-хирург болып жұмыс істеген Виктор Ким қайтыс болғаннан кейін Қазақстанның медицина қызметкерлері қауымдастығынан "Алтын дәрігер" медалін алды.

Сондай-ақ, бүгін ел Президентінен "Халық алғысы" медалін дәрігерлер Тлеуова Ботагөз Елеусізқызы мен Саржанов Ерлан Жарылқапұлы алды.

COVID-19-ға қарсы күрестегі адал еңбегі үшін "МЕДИК" жергілікті кәсіподақ ҚБ төрағасының құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлыққа анестезиология және реанимация бөлімі ие болды.

Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуінің жаңа кезеңі жағдайында, денсаулық сақтау жүйесі үлкен жүктемелерге тап болды. Соған қарамастан күні-түні жұмыс атқаруға дайын дәрігерлерге алғыс айтамыз!