Бүгін Қапшағай қалалық ауруханасында зертхананың салтанатты ашылуы өтті

Бүгін Қапшағай қалалық ауруханасында зертхананың салтанатты ашылуы өтті

Қапшағай қалалық ауруханасының директоры Ракишвеа Айман Ғалымжанқызы өзінің құттықтау сөзінде зертхананың негізгі міндеті жеке алынған пациенттің, бөлінген топтың немесе жалпы Қапшағай өңірі халқының денсаулығы жайында объективті деректер алу болып табылатынын атап өтті. Науқастарды емдеу тиімділігінің мониторингін қоса алғанда, зертханалық ақпарат алу қазіргі заманғы зертханалық технологиялар және алынған нәтижелерді кейіннен тиімді клиникалық пайдалану негізінде іске асырылады. Бұл CL-1000 химилюминесцентті иммунологиялық анализатор, C3100 автоматты коагулометр анализаторы, BS-200E автоматты биохимиялық анализатор, BC 5000 автоматты гематологиялық анализатор және т. б. Зертхана меңгерушісі Дакеева Салтанат Төлепбергенқызы.

Біз өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз және зертхана ұжымына табыс тілейміз.

Қапшағай қалалық ауруханасының баспасөз қызметі