Алматы облысының оңтүстік өңіріндегі онкологиялық қызмет жұмысының қорытындысы бойынша үйлестіру кеңесі өткізілді

Алматы облысының оңтүстік өңіріндегі онкологиялық қызмет жұмысының қорытындысы бойынша үйлестіру кеңесі өткізілді

Алматы аймақтық көпсалалы клиникада директор Олжаев Саяхат Таурбекұлының төрағалығымен 2020 жылдың 9 айында Алматы облысының оңтүстік өңіріндегі онкологиялық қызметтің жұмыс қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Г.Жүнісова,"ҚазОРҒЗИ" АҚ стратегиялық  қызметінің басшысы О. В. Шатковская, ШЖҚ "Облыстық көпсалалы клиника" МКК директоры Д. О. Уралбаев және БМСК басшылары, аудандық онкологтар қатысты.

Соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өлім-жітімнің төмендеуі Райымбек, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында байқалады. Сондай-ақ, өлім-жітім құрылымында бірінші орынды өкпе обыры алады және 15,7% - ды құрайды, екінші орында асқазан обыры 11,2% - ды, үшінші орында РМЖ 9,6% - ды құрайды.

Сонымен қатар  2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуы талқыланды. Бірінші рет анықталған І-ІІ сатыдағы ҚІ науқастарының саны 2019 жылмен салыстырғанда Қарасай және Ұйғыр аудандарынан басқа барлық аудандарда азайды. IV кезеңмен анықталғандардың саны Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай және Райымбек аудандарынан басқа барлық аудандарда артқан.

"АРМК" ШЖҚ КМК директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары - Алдынгуров Д.К. алғашқы есепке алынған он адамның екеуі қатерлі ісіктің асқынған түрімен келетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол локализацияда немқұрайдылықтың ең жоғары деңгейі бауыр қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі, ұйқы безінің қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, ауыз қуысының қатерлі ісігі, тік ішек, анус  және анальды каналға түсетінін атап өтті.

Семинар-кеңес соңында клиника директоры Олжаев Саяхат Таурбекұлы сөз сөйлеп, 2020 жылдың 9 айында ЖАО аймақтық тобы 14 рет барып скринигтік тексеру жасап, 10 рет  скринингтік тексеру жүргізу бойынша лекция өткізгенін атап өтті. Сондай-ақ, диспансердің мамандары үнемі әдістемелік және практикалық көмек көрсету және ұлттық скринингтік бағдарламаны орындау мақсатында баратынын айтты. Клиника директоры  мамандар  қаладан шалғай орналасқан аудандарға арнайы тексерумен барған кезде тұрғындарды қабылдауды ұйымдастыруды дәрігерлерге тапсырды. Сонымен қатар бұл мәселеге  Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы  тарапынан қолдау таныту үшін комиссия жұмысы туралы алдын ала хабардар ететінін айтты.