
Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Али қала күніне орай өткен салтанатты жиында медицина қызметкерлеріне 16 пәтердің кілтін табыстады Облыс әкімінің орынбасары
денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін материалдық қолдау, білікті кадр, білімді мамандарды ынталандыру, баспанамен қамту мәселесі үнемі облыс басшысы Амандық Ғаббасұлының назарында екендігін айтты. Атап айтқанда, №1 қалалық емхананың онколог дәрігері мен жалпы тәжірибе дәрігері, №2 қалалық емхананың учаскелік педиатр дәрігері мен жалпы тәжірибе дәрігері, қалалық көпсалы аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері, ультра дыбыстық зерттеу дәрігері, травматолог-ортопед дәрігері, фтизиопульмонологиялық орталықтың госпитальді эпидемиологы, облыстық перинаталды орталықтың акушер-гинеколог дәрігері, облыстық көпсалалы балалар ауруханасының педиатр-гематолог дәрігері, облыстық көпсалалы клиниканың патологоморфолог дәрігері, облыстық аурухананың реанимация бөлімшесінің меңгерушісі жаңа баспанаға ие болды
Жыл соңына дейін медицина қызметкерлеріне тағы 48 үй беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары жетісулықтардың денсаулығын сақтау, коронавирусқа қарсы тұруға бағытталған шаралар туралы айтып өтті.
Қала күніне арналған салтанатты шараны қаланың өнер ұжымдарының орындауындағы шағын концерттік бағдарлама түйіндеді.
jetysupress