Алматы облысында коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындалуда

Алматы облысында коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындалуда

Алматы облысында ауруханалардың жанында автономды оттегі станциялары орнатылады. Оттегі станцияларының бірі Талдықорған қаласындағы  облыстық ауруханаға орнатылып жатыр. Қазіргі таңда  облыста екі станция жұмыс жасап тұр. 10 оттегі станциясы салынып жатыр. Сонымен қатар  қосымша ӨЖЖ аппараттары мен компьютерлік томографтар сатып алынады. Вирус тараған жағдайда  облыстық ауруханада 320 орындық провизорлық орталық ашуға дайын.

Мейрамгүл Сәкенова, облыстық орталық аурухана директорының орынбасары:

- Тасымалданатын оттегі болған кезде әртүрлі оттегі станцияларымен келісім жасалды. Ауруханаға  күніне 60-тан 100 баллонға дейін қажет болған кездер болды. Айына біз 1500-1600 баллонды қолдандық. Ауруханаға оттегі станциясы орнатылған соң  мұндай проблема болмайды деп ойлаймын, - деді.