Көпсалалы ауруханаға гемодиализдік аппарат сатып алынды

Көпсалалы ауруханаға гемодиализдік аппарат сатып алынды

Коронавирустық инфекция пандемиясының жаңа толқынына дайындық барысында Алматы облысының әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен prizmaflex гомеостазын экстракорпоралдық түзетуге арналған аппарат (гдф (ультрафильтрация) сатып алынды.

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының  жұмысындағы басымдықтардың бірі диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын игеру және емдеу мекемесінің бөлімшелерін сапалы медициналық көмек көрсетуде заманауи жабдықтармен жарақтандыру болып табылады.

ГДФ қолдану алуан түрлі, ГДФ әдістемесінің клиникалық тиімділігі сепсис, түрлі этиологиядағы перитониттер, улану кезіндегі жедел бүйрек жеткіліксіздігі сияқты патологияларда дәлелденген.

Сондай-ақ, ГДФ қолданудың жоғары тиімділігі ауыр гестозы бар, жедел бүйрек және көп ағзалық жеткіліксіздігімен асқынған жүкті әйелдерде дәлелденді.

Бүгінгі таңда біздің анестезиолог-реаниматологтарды республикалық орталықтардың мамандары ГДФ аппаратында оқытуда.