
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнініне орай 10 қазан күні Ескелді аудандық орталық ауруханасы салауатты өмір салты кабинетінің педагог-валеологы Г.С. Қалияқберова медицина қызметкерлері арасында "жұмыс орнындағы психикалық денсаулық"ұранымен іс-шара өткізді.
Стресс қазіргі адам өмірінің бір бөлігіне айналды. Адамдар аурудың асқынуына жол бермеу үшін алдын алғаны жөн. Сондықтан медицина қызметкерлері арасында демалудың дұрыс режимін қалыптастыруға, ұжым ішінде қолайлы климат құруға, эмоционалды күйзелістің алдын алуға баса назар аудара отырып, мандало-терапия жүргізілді.
Психикалық денсаулық денсаулықтың ажырамас бөлігі және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл әл-ауқат жағдайы ретінде анықталады. Психикалық денсаулығы жақсы адам өзінің қабілеттері мен әлеуетін жүзеге асырып, қарапайым өмірлік стресстерге төтеп бере алады. Сонымен қатар нәтижелі және жемісті жұмыс істейді. Медицина қызметкерлері бұл іс-шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын алды.