
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Wdsoft" ЖШС жеке компаниясымен бірлесіп, "Акгюн" халықаралық компаниясының қолдауымен COVID-19 байланысты пневмонияны анықтау бойынша жасанды интеллект әзірледі. Бұл жүйенің негізгі артықшылығы орталықтан жүйеге алыс аудандардан келіп түскен рентген суреттері арқылы пневмонияны анықтайды.
Кәсіпкерлердің әлеуметтік көмегі аясында WDSOFT Ақгюн компаниясымен бірлесіп бүкіл Алматы облысына пандемия кезеңінде жүйені өтеусіз негізде енгізді.
Бұл жоба әлемде теңдесі жоқ бірегей жоба болып табылады.
Бүгінгі таңда пандемия жағдайында барлық ауруларды бақылаудың маңыздылығы артып келеді.
Қазақстан Республикасы бойынша жүріп-тұруды шектеу жағдайында жоғары технологияларды қолдана отырып, медициналық қызметтердің орталықтандырылуын қолға алу өте маңызды қадам болып табылады.