Алматы облысының солтүстік аймағындағы онкологиялық қызмет жұмысының қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді

Алматы облысының солтүстік аймағындағы онкологиялық қызмет жұмысының қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді

Талдықорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиника  директоры Уралбаев Данияр Оразбековичтің төрағалығымен Алматы облысының солтүстік өңіріндегі онкологиялық қызметтің 2020 жылдың 9 айындағы жұмысының қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді. Кеңеске Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Жунусова Гульнара Рахимбековна, барлық БМСК басшылары мен аудандық онкологтар қатысты.

2020 жыдың 9 айында  қатерлі ісіктің  I-II сатыда анықталған науқастар саны төмендеген. Ал аурудың  асқынған жағдайларының орын алуына  негізінен, пациенттің медициналық көмекке уақтылы жүгінбеуі, аурудың жасырын ағымы, пациенттерде онкологиялық сақтықтың болмауы, халықтың скрининг және скринингтік тексерулердің маңыздылығы туралы төмен хабардар болуы болып табылады.

Денсаулық сақтау басшыларына Алматы облысының тұрғындарына көрсетілетін онкологиялық көмектің сапасын жақсарту, қатерлі ісіктердің ерте нысандарын анықтау бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар әрбір аудан бойынша талдау жүргізілді.

Семинар-кеңес Денсаулық сақтау министрлігінің (18.09.2020ж) "Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларын орындау"кеңесінің шешімін орындау мақсатында өткізілді.