Гепатит ТОҚТА!

Гепатит ТОҚТА!

Гепатит инфекциясына байланысты болатын аурудың ауыр салдарына қарамастан, көптеген елдерде бұл проблемаға бірқатар себептер бойынша кешенді іс-шаралар қолданылмайды. Олардың себебі, кейбір адамдарда инфекция жұққаннан кейін ешқандай аурудың белгілері байқалмай дамиды. Гепатит көптеген жылдар бойы ешбір белгісіз дамып, бауырдың созылмалы ауыруына әкеледі. Сол себептен бүгінгі күні гепатит ауруының «жасырын

Вирустық гепатитке қарсы күрес шаралары бірінші кезекте ол жөнінде хабардарлық деңгейін арттыруға және оны әрі қарай әртүрлі вакцинацияның көмегі, қауіпсіз жыныстық қатынасты насихаттау, қауіпсіз инъекция және тері мен сілекейлі қабықшаның зақымдануына, оның ішінде косметологиялық шаралар және жеке тазалық құралдарын (ұстара, маникюр құралдары және т.б.) қолдануға байланысты қимыл-қозғалыс тәсілдері арқылы таралуға жол бермеу.

Вирусты гепатиттің алдын алу айлығы шеңберінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып 300 ден астам адам қамтылды.

Аудио және бейне роликтер теледидар мен радиода, көшедегі лэд-экрандар арқылы көрсетілді, 23 мың үнпарақ шығарылды.