Алматы облысының медицина қызметкерлері үшін иммунитетті қалпына келтіру бағдарламасы дайындалды

Алматы облысының медицина қызметкерлері үшін иммунитетті қалпына келтіру бағдарламасы дайындалды

Қазақстандағы ең биік сарқырама бойынша тур ұйымдастырылды.

Алматы облысында медицина қызметкерлерін ынталандыру мақсатында бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл бағдарламаны Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина саласындағы қызметкерлерді жан-жақты қолдау туралы тапсырмасы бойынша дайындады.

Мәселен, бірнеше ай бойы өңірдегі ауруханаларда инфекциямен үздіксіз күрескен 20 дәрігер үшін Қазақстандағы ең биік сарқырама - Бұрхан-бұлақ бойынша тур ұйымдастырылды. COVID-19-ға қарсы күресте майданда жұмыс істеген дәрігерлер мен медбикелер Жоңғар Алатауы тауларының әсемдігін көріп, күштерін қайта қалпына келтіре алды. Өйткені, пандемия басталғалы бері олар халықтың денсаулығы үшін жұмыс істеп, бірнеше ай бойы ауруханалардың сыртында болды, - деп атап өтті облыс әкімдігінде.

"Медицина қызметкерлеріне арналған иммундық ынталандыру бағдарламасын" Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен облыстың ішкі саясат басқармасы мен "Jetisy media" КММ ұйымдастырғанын атап өтеміз.